🔰Ата-аналар мен мұғалімдер назарына! Сақ болыңыздар!
🔷Әлеуметтік желілерде «Көгілдір киттің» аналогы болып табылатын және жасөспірімдердінң өміріне қауіп төндіретін «Қызыл дельфин» атты жаңа ойын пайда болды. 📌Құрметті ата-ана, балаңыздың смартфонын тексеріңіз, балаға түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз. Бала өміріне, денсаулығына қауіптің алдын алуға жауапкершілікпен қараңыз!
Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейінде “Тіл” мерекесіне орай өткізілген іш-шара.
2023 жыл 1-қыркүйек білім күні қарсаңында Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді.
2023 жыл 1-қыркүйек білім күні қарсаңында Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейі» аудандағы ең үлкен мектеп болып саналады. Жалпы мектептің аумағы 2,98 гектарды құрайды. Ғимараттың ауданы: 14670 м2 150-ден астам оқу және пән кабинеттері мен спорт зал, асханасы бар мектептің сәулеті әсем. Көз тартады. 550-ден астам техникалық жабдықтар, 76 интерактивті тақта, 174 компьютер, 1000-нан астам спорттық жабдық, 288 шеберхана, 6000-ға жуық жиһазбен толықтырылған.
Бүгін Ұзынағаш ауылындағы N 1 мектеп лицейінде 1 қыркүйек білім күніне арналған алғашқы қоңырау шарасы өтті. Шараға аудан әкімі Нұрлан Ертас арнайы қатысып, барша аудан жұртшылығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға сәттілік, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі. Аудан әкімі өз сөзінде білім беру сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Білім саласы бойынша ең өзекті мәселелердің бірі үш аусымды мектептер еді. Жаңа 1 500 орынға арналған лицейдің ашылуына байланысты үш аусымды мектептер саны – 9-дан 7-ге азайды. Биылғы оқу жылында ауданымызға 38 000-ға жуық оқушы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны – 3% немесе 1 072 балаға артты. «Жайлы мектеп» ауқымды бағдарламасы үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толық шешуге бағытталған. Аталған ұлттық жоба бойынша ауданымызда 7 мектеп салынады, оның ішінде үшеуі 2024-2025 оқу жылында қолданысқа беріледі: біріншісі, Қарғалы ауылында - 900 орындық, екіншісі, Ұзынағаш ауылында – 1500 орындық, үшіншісі Сарыбай би ауылында – 600 орындық жайлы мектептер. Сонымен бірге, Аққайнар ауылындағы Т.Бокин атындағы ОМ күрделі жөндеу өтті. Осы білім ордасынан түлеп ұшқан жастар Қазақстанның кемел келешегіне өз үлесін қосады деп сенеміз.
Прокрутить вверх