Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі
"Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейі" КММ

1500 орынға арналған мектеп ғимараты 2023 жыл 1-қыркүйек білім күні қарсаңында пайдалануға берілді.

«Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандағы ең үлкен мектептердің бірі болып саналады.

Жалпы мектептің аумағы 2,98 гектарды құрайды. Ғимараттың ауданы: 14670 м2.

150-ден астам оқу және пән кабинеттері мен спорт зал, асханасы бар. 550-ден астам техникалық жабдықтар, 76 интерактивті тақта, 174 компьютер, 1000-нан астам спорттық жабдық, 288 шеберхана құрал-жабдықтары, 6000-ға жуық жиһазбен толықтырылған.

Прокрутить вверх